Өлең, жыр, ақындар

Кедейлік деген...

Жүздеген ел еңсере алмай күйреген,
Өзіменен азап-қайғы сүйреген.
Дамылдатып халық жанын бұқара,
Елді шарлап,аяғы жерге тимеген.
Қараңғылық,жағдайы жоқ қоғамда,
Кедейліктің себебі ол адам ба?
Зәулім сарай,жылы төсек,дәмді ас,
Жақсы жағдай,бәрі лайық оған да.
Түсің суық,уақытша деп алдайсың,
Талай жанның тыныштығын алғайсың,
Амал жоқтан шарасыздық бой кернеп,
Жанды жеп ап,қор қыласың,зарлайсың.
Қараңғылық,бақытсыздық саған серік,
Өлмейсің ғой,қанша жерден рухың берік.
Небір адам зар қақсаған жете алмай,
Мақсатына талай жерден жақын келіп.
Ақша деген талай бақты сүріндірген,
Ал біреулер оның жақсы сырын білген
Жетістікке жеткендер жүр ғой қазір,
Басқаларға кәсіптіктен білім берген.
Сыздаттың ғой алаулаған жүректі,
Уландырған сана-сезім күнелтті.
Сонда да тұр,хақың бар ғой жүруге,
Топ ішінен мыңды жығып білекті.
Еңбекқордың жанына жоламайсың,
Сауатсыздың жолын әр кез қаралайсың
Бейнең суық,кенеттен тап болсаң да,
Талаптыға кедергі сен бола алмайсың.
Оян,қане,нүкте қой бүгініңе.
Жол бермессің сынақта сүрінуге.
Мұқағали бабамыз айтып кеткен,
Қайта тұрып хақың бар жүгіруге!
Кедейлікті түсінер дәмін татқан,
Бай болармын деп өзіне үміт артқан.
Талапсыз бұл ештеңе жөнделмейді,
Шуағын ол көре алады таңның атқан.
Тұрғаным жоқ байлықтың жырын мақтап,
Үйрене біл, бақыттың сырын сақтап
Абай ата айтқандай,өзіңе сен,
Алып шығар қасиетің бар екі жақтап.
Сенің әрбір ісіңмен өлшенеді,
Мықты адам қиындықты еңсереді.
Әрекетің бүгінгі мен ертеңіңе,
Талаптансаң,бақыт саған шын сенеді.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар