Өлең, жыр, ақындар

Пушкиннен қиялымда ұялғаным

  • 06.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1488
Атымнан саған не пайда?
Өшетін шулап толқындай...
Пушкин.

Шалқалап төсегімде жаттым үйде,
Түк ойсыз айқайменен құр елере.
Мен үшін — ойын-сауық ете қымбат,
Алтын том, ғылым сыры құнсыз мүлде,
Есіктен біреу кірді сәлем беріп,
Орнымнан атып тұрдым оны көріп,
Аңдасам, достым екен ауладағы
Слетке қаладағы жүрген келіп.
Бұл достым бала шақта жүрген бірге
Тым тәтті жолдасым ед сол бір күнде.
Қазірде алдағы бір кісі болып,
Келіпті стахановшылар слетіне.
Оқыған мені едеуір кісі көріп,
Тыңдауда әңгімемді көңіл бөліп.
Суыртып әңгімені соғудамын,
Ұстатпас жүйріктердей жорта желіп.
Расы оқығалы бір-екі жыл,
Баста шаш қайырылған, костюмім қыл.
Үзілген мойнымда көк галстук
Тұсымда Пушкиннің суреті тұр.
Сабақтан өте нашар отметка ап,
Қылтиып шіреніспен қызды жақтап,
Шамасы ха... ха... мен өте әуес боп,
Жүргенім кешкіғұрым танцы тапап.
Пушкиннің достым көріп суретін,
Бұйра шаш, қара көзін, ашаң бетін.
Сүйгендей күлімдете сабаз - ай деп
Ойладым ұмытты - ау деп сыртқы көркін.
Естіген ол жөнінде сөзді баптай,
Жөнелдім Пушкинді сонша мақтай.
Тоқталмай есте бары таусылғанша,
Орғыдым олай-бұлай арғымақтай.
Кеткен соң үйде қалдым достым шығып,
Бір дауыс құлағыма келді жуық.
Аңдасам Пушкин екен сөйлеп тұрған
Қаратты «ей, бала», — деп бетті бұрып.
«Кім-кімді еңбегінен таныған жон,
Атақты асқар ала болса да дөң.
Құр дақпырт құлазытад өзін білмес,
Көпіртпе ұзын құлақ естуіңмен.
Сен мені расында танымайсың,
Білмейсің, еңбегімді оқымайсың.
Сондықтан білгенсуің өте ұят
Ақылым: оқу жағын ойланғайсың.
Жаңағы келіп кеткен досың сенің
Біледі кімнің артық, кімнің кемін.
Ол сенен өте жақсы білед мені
Оқыған еңбегімді талай менің».
Пушкиннен сөйтіп жаман ұялғаным,
Ақылға шомып енді қиялдандым.
Желкеуез, жеңілтектік қалып былай,
Кітапқа енді содан шұғылдандым.

Алматы, май 1938 жыл.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ер жеткенде

  • 0
  • 0

Ер жеткенде есейіп,
Ер болмасқа немене!
Ерке өсіп, білімді
Кен болмасқа немене!

Толық

Құтты қонақ

  • 0
  • 0

Домалақ жер шарымен
Шыркөбелек айналып,
Келе жатты қарт адам
Қолында айна толғанып.

Толық

Жүріп келе жатырмын

  • 0
  • 5

Жыл жарым болып барады.
Шыққаныма шығыстан,
Қоштасқалы бас иіп
Алатаумен туысқан.

Толық

Қарап көріңіз