Өлең, жыр, ақындар

Бір үй бар-ау

  • 05.06.2022
  • 0
  • 0
  • 637
Терезеден телмірем отаныма —
Сар далама, адырлы, жоталыма.
Жүйткіп аққан пойыздың сыртылына
Дүрс-дүрс етіп жүрек үн қосады да.
Көз жетер жер жақындап, демде келіп,
Шыр айналар, дүние дөңгеленіп.
Бір үй бар-ау тарыққан, сол далада.
Мазалайды жайсыз ой, кейде келіп.
Бір үй бар-ау, жотаның аржағында.
Тұрмыс тұр ма жоқтықтың жар жағында?
Тұзы, суы бар ма екен байғұстардың,
Қонақ күте ала ма барғанында?
Қанша мезгіл маңдай тер төккеніне?
Өмір сүрдік дей ме екен, текке міне.
Ұл-қыздарың ұшырып үлгерді ме?
Шаруасы шайқалып кетпеді ме?
Бұ заманнан, Алладан тілегі не?
Бұ тірлікте сенгені, тірегі не?
Жақсылық деп зарыға күткен хабар,
Қадалмай ма жебе боп жүрегіңе?
Сол бір үйді жотаның жанындағы,
Даладағы, шөлдегі, сағымдағы —
Жебей көрші, ей Алла, жебей көрші,
Тайып кетер басымнан бағым тағы!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жалғанда ауыр немене (терме)

  • 0
  • 0

Жалғанда ауыр немене? –
Әкенің салқын назары.
Көз тоймас асыл немене? –
Ананың жарқын ажары.

Толық

Аллаға арыз

  • 0
  • 0

Япырмай, не боп барады мына заманың,
Даңғылға шығар жоқ па еді, халқым, амалың.
Пақырдың түрін, жесірдің күнін көргенде,
Малынғандай ма соя емес, жасқа қаламым?

Толық

Бас кәсіп

  • 0
  • 0

Зәтiм қазақ тамыры тереңдегi,
Әлiмсақтан мал бағып, жер өндедi.
Аңыз айтып, термелеп, жырлап өткен,
Кәсiбiнiң бастығы өлең бе едi?!

Толық

Қарап көріңіз