Туымды ер туралықпен билейді ұлтын

Бұл бетте «Туымды ер туралықпен билейді ұлтын» атты Тұрмағамбет Ізтілеуұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 18.04.2019
  • 0
  • 0
  • 3121
Туымды ер туралықпен билейді ұлтын,
Жібермес жаман жолға пірлер мұртын.
Бұл күнде Әлһісламнан ықпал тайып,
Бақ, дәулет қашуға тұр беріп сыртын.
Уайым оның үшін ешкімде жоқ,
Келеді күннен-күнге бұзып құлқын.
Алладан алайда да үміткерміз,
Қоймас деп қараплықта діннің мүлкін.
Қылымсып, қолын былғап дүния тұр,
Сұлудай сұңқар мойын өрген зұлпын.
Нәпсібад жүр деп оған жетектесе,
Бар болса баста миың, барма, жұлқын.
Сен түгіл, сұлтан болып билеген ел,
Бұл бетпақ нешеулердің басқан сұлқын.
Көңіліңмен кеңесіп көр, күшің қайда,
Ерлердің иеленуге көшкен жұртын.
Олардан асып туған адамдай-ақ,
Ақымақ көп кептіретін көпке ұртын.
Қаптады халықтың үстін қараңғылық,
Жақат қыл, жарыққа шық, жатпай, түртін.
Қызметін қалыс қылып Қадыр Хақтың,
Ғысиянның лайынан бетті сүртін.
Қаншама қата, айып қылғанменен,
Тәубенің пендесіне берген кілтін.
Шүкірлік шыныменен қылғандарға,
Беруге берген уағда ақу мінтін.
Қамың қыл қалайда да, жолын, ұзақ,
Ғапылаттың жаппасында жатпай күн-түн.
Бойыңа бұзықтықты үйір қылмай,
Күтініп күні бұрын, бектер, қымтын.

1903 ж


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Туымды ер туралықпен билейді ұлтын өлеңінің авторы кім?

Тұрмағамбет Ізтілеуұлы — осы өлеңнің авторы.

Туымды ер туралықпен билейді ұлтын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Туымды ер туралықпен билейді ұлтын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрмағамбет Ізтілеуұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Туымды ер туралықпен билейді ұлтын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері