Аяз – жеңгем – Жұмекен Нәжімеденов

Бұл бетте «Аяз – жеңгем» атты Жұмекен Нәжімеденов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 30.05.2019
  • 0
  • 1
  • 5925
Аяз, аяз!
Бозарды бет шымырлап,
үлпек қарда ізім қалды қыбырлап.
Қыс келгенін, мұз басқанын даланы,
суық жел тұр құлағыма сыбырлап.
«Бұрынғыдай иығыңды керме!» – деп,
өн бойыма ызғар шықты өрмелеп:
кешке жақын жанай өтіп көрме деп,
боз қырау тұр қыз әйнегін перделеп. .
Аяз-жеңгем қориды сол қызды анық,
Өзім түгіл
Көзімнен құр қызғанып;
Күйеуі бар – ұмытқан ғой құдайды –
Құлағымды жазықсыз
Қызартқанша бұрайды...


Пікірлер (1)

Каусар

Жаман

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері