Қырлар қайда қырмызы гүл қаптаған? – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Қырлар қайда қырмызы гүл қаптаған?» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 01.07.2021
  • 0
  • 0
  • 1459
Қырлар қайда қырмызы гүл қаптаған?
Қыздар қайда бұрымы бұлғақтаған?
Өкпелеген балаша томсыраймай
Тiлiң болса,
Тiршiлiк,
үн қат маған?
Көкшеқұмар көңiлдiң пайғамбары –
Бау-бақшаның басынан тайған бағы.
Жапырақтар үзiлiп түсiп жатыр,
Жауынгердей оққа ұшқан майдандағы.
Күндi ұрлаған..,
Қырмызы гүлдi ұрлаған
Өткен шақтың бейнесi бұлдыр маған.
Жапыраққа жалқау жел жаудай тидi-ау,
Ала жаздай шөп басын сындырмаған?!
Деп жүргенде əнiммен əспеттермiн,
Алтын күндi қалайша босқа өткердiм?
...Тереземнiң жақтауын паналаған
Жайын ойлап отырмын қос кептердiң.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қырлар қайда қырмызы гүл қаптаған? өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Қырлар қайда қырмызы гүл қаптаған? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қырлар қайда қырмызы гүл қаптаған? өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қырлар қайда қырмызы гүл қаптаған? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері