Қара мысық – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Қара мысық» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.07.2021
  • 0
  • 0
  • 1462
Тағы өттің-ау алдымнан, қара мысық?
Сенен гөрі жақсы еді бала күшік.
Мен барғанша төрінде қу сайқалдың
Отырмасын бір сабаз шарап ішіп?..
Қараң қалғыр, қайдасың, тұйық көше?
Сүрінсем де құласам, иық төсе.
...Қоламтасын қоздырып,
Қозын кеулеп,
Қол бұлғасып, қоштасқам сүйіп кеше.
Қара мысық...
Не сездім?
Не бүлінді?
Есігінің ілмегі неге ілулі?
Терезеден телмірген қу басым-ай,
Ептеп-сүптеп жатқан кім Елігімді?
Қара мысық...
Қара түн...
Мылқау қала...
Жындануға болады,
Шырқауға да!..
Махаббат жоқ!
Мəйшат бар!
Мəйхана бар!
Сүймек, күймек, өртенбек – сылтау ғана.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қара мысық өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Қара мысық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қара мысық өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қара мысық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері