Адами арман

Бұл бетте «Адами арман» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.04.2019
  • 0
  • 0
  • 4697
Қалмаса да соңымнан тасыр қайғың,
Қиындыққа ешқашан бас ұрмаймын.
Қызықпаймын түкке де,
Бірақ осы
Жүз жасағым келеді,
Жасырмаймын!
Құдіретімен әйгілі өнер-емнің
Көктем сайын әлі де көгерем мың.
Көрсем деймін бір ауыл ұрпағымды,
Көрсем деймін баласын шөберемнің.
Өмір нәрін кім сарқып ішіп көрді!
Әлі талай тоздырам ішіктерді.
Көрсем деймін
Таласып атасына
Жағаласқан өзара «күшіктерді».
Сый-құрметін көрсетіп ортам маған,
Балаларым әр түрлі жар таңдаған.
Алып келсе келінді тәрбиелі,
Алып келсе келінді тортаңдаған.
Көрсем деймін ертеңнің ыдыс-бағын,
Бұлтты күні арқамның құрысқанын.
Көрсем деймін
Абысын-келіндердің
Жоқтан өзге нәрсеге ұрысқанын!
Әзәзілдің сөзіне ерсең мейлі,
Ұсағына өмірдің ер сенбейді.
Әйелдерін жақтасып шыж-быж болған
«Мықтыларды» сыртынан көрсем деймін!
Қазірде де тұтас бір ғасырдаймын.
Қырсық сөзді басымнан асырмаймын.
Ақын емес,
Түк емес,
Ата болып
Жүз жасағым келеді,
Жасырмаймын!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Адами арман өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Адами арман өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Адами арман өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Адами арман өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері