Өлең, жыр, ақындар

Қыран құс

  • 12.08.2021
  • 0
  • 0
  • 1059
(Он жасаған Октябрь)

Темір боп піскен тұрмысқа,
Еңбек деген бір құста
Болды болат жұмыртқа.
Қауызы қатып аязда,
Туа салды бір сазға,
Күндіз емес, ымыртта.
Анасы еңбек алып құс,
Қажымас қайрат, еркін күш
Жұмыртқаны шайқады.
Басқан қара тұманды,
Шаққысы келген жыланды
Маңайлатпай жайпады.
Отқа төккен тұздай боп,
Сытырлап сынған мұздай боп
Жарылды бір күн қабығы.
Қанаты қызыл бұл істей,
Болат тұяқ күмістей
Шықты құстың алыбы.
Сүйір тұмсық оқтай боп,
Екі көзі оттай боп,
Жас балапан шаңқ етті.
Көргендей бір керемет,
Тұнған аспан қаракөк
Жаңғырығып саңқ етті.
Сілкініп қалды дүние,
«Дүниеге мен ие!..
Мен ие!..»— деді жас алып,
Мойнына түсті ауыр сын.
Көгілдір жас қауырсын...
Ұша алмай маталып.
Ұшу болып құмары,
Далп-далп етті, құлады,
Балапан қыран бөгелді.
Арамдыққа асыққан,
Қаскүнем өңшең пасықтар
Қанатын жұлып кенелді.
Қайратты, қайсар жас қыран,
Болса да жауы мың-мың сан,
Жасқанбады, бұқпады.
Жас қанатын жұлса да
Қастығын білген қылса да,
Ешбірінен ықпады.
Күндерді күн қуалап,
Шелде өскен «дуадақ»
Ержетті, қатты қанаты.
Күн санап күші молығып,
Тастарға талай соғылып,
Шынықты тұяқ болаты.
Жерді жалғыз тепті де,
Жер қозғалтып екпіні
Шықты шырқап қияға.
Қанаты кең жайылып,
Бұлтты да қақ айырып
Көрсетті күнді дүниеге.
Құтсыз жерді кен қылды,
Шөлді жерді сел қылды,
Тақыр қылды теңізді.
Талайды алған әміріне
Бір кездегі «тәңіріге»
«Тәңірім сенсін!»—дегізді.
Шаңқ-шаңқ етті, шаңқ етті,
Жер де, кек те саңқ етті,
Дүниені үн биледі,
Досының ойын сергітіп,
Үрей боп дұшпан кер кетіп,
Аямай оны түйреді.
Осы ұшқан қыран құс,
Осы еркі.н алып күш,
Міне, онда аттады.
Соңына ерді «сорлылар»,
(Ертетұғын орны бар)
Мың миллион боп қаптады.
Қызыл бүліс қызарып,
Қысқа болат ұзарып,
Алып қыран есейді.
Мамығы қияқ алмас боп,
Көк қауырсын көк тас боп,
Миллион есе күшейді.
Жерді орады құшағы,
Жеріңді топ қып ұшады,
Тұяғымен бүріп ап.
Кішкене ғана ілікпей,
Айқасып еркін кірікпей
Саласы тұр жақындап.
Бір рет қақса қанатын,
Бір сермесе болатын,
Дегені тұр болғалы.
Қанатын қайда сермесе,
Қай биікке өрлесе,
Сонда бақыт орнады.

1928



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Балқаштың түні

  • 0
  • 0

Түн. Кең дала қалғыған секілденіп
Үнсіз тұр. Аспанда жоқ шөкім бұлт.
Сәулесі жұлдыздардың шабақтардай,
Бір сүңгіп, бір малтиды суда тұнық.

Толық

Туа бер, «Ту-104-ім»

  • 0
  • 0

Қозы менен құлынның бірі туса
Қуанатын басым-ай, бала шақта!..
Енді, міне, жетпейтін жел де, құс та,
«Ту-104» таңбалы міндім «атқа!»

Толық

Максим Зверевке

  • 0
  • 0

Сүлеймен патшадан соң бар махлұқтың
Тілдерін түгел білген Мақсым ағай,
Деп,— «солардан жазылмас әлі жұппын!» —
Жетпістен жөнеп кетті әрі қарай.

Толық

Қарап көріңіз