Базарлық – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Базарлық» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 29.07.2021
  • 0
  • 0
  • 943
Кейбіреу санағанмен мұны ескілік,
Бүгін де қалмаған жәй құны ескіріп,
Дәстүрлі халқымыздың, әдет-ғұрпы
Беретін базарлық деп дәм үлестіріп.
Жолаушы жолдан келсе, сәлемдесу,
Түсіріп аттан, жолын тәмәмдесу,
Еркектер сапар жәйін әңгімелеп,
Жиылып абысындар қоржын шешу...
Бұл ғұрып бабалардан мирас қалған –
Алдына үлкендердің сыйлы ас барған
Қуантса қыз-келінді айна-тарақ,
Конфеттен бала болмас құр тасталған.
Кейбіреу санағанмен мұны ескілік,
Бүгін де қалмаған жәй құны ескіріп.
Дәстүрі халқымыздың барлағанға
Жатыр ғой жан жылуын үлестіріп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері