Уақыттың ленин басшысы – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Уақыттың ленин басшысы» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2149
Адам мен адам ауысып,
Орнына келіп жаңа жұрт.
Жылдар мен жылдар жарысып,
Сілкініп жатыр жаңарып.
Қайраткер иә ақынның
Қаншаға жетті өресі.
Өзінше өлшеп жатыр күн,
Ол уақыт - әділ төреші.
Қайраткер болсаң қаншалық,
Ақтадың биік ұлы атты.
Түнді ұрып түнге жан салып,
Жұмсадың қанша қуатты.
Халқындай сынды көп көрген,
Тартатын алға кідірмей,
Өттің бе барлық өткелден
Шытырман шақта сүрінбей.
Жеңдім деп талай алыпты,
Кеттің бе екен мәз болып.
Қумадың ба екен даңқты,
Бәрі де саған аз болып.
Әлекті бүкіл елге сап,
Биіктеп жұрттан өз басың.
Терінен терең көл жасап,
Жұттың ба әлде көз жасын?
Көлгірсіп жүріп көзіңе
Тигізген елге қырсығын,
Сендің бе әлде сөзіне,
Жағымпаз жалдап, тыңшының.
Даладан бір дән таба алмай,
Жатқанда елің ашығып,
Шындыққа тура бара алмай,
өалдың ба бүркеп жасырын.
Халықтың мүлкін қалталап,
Тықтың ба ұрлап қапшыққа.
Мас болып көзің қанталап,
Жүрдің бе гулеп жат жұртта.
Мен өзім бәрін білем деп,
Ешкімді елеп ескермей,
Ой-қырды жалғыз түгендеп,
Сөйледің бе дес бермей.
Айтасың деп сын неге
Бет бақтырмай безілдеп,
Тұрдың ба оқшау мінбеде
Қиратқан бәрін өзім деп.
Тиді деп билік өзіме,
Қазынаны қалай сапырдың.
Уақыттың салып тезіне,
Бәрін де түзеп жатыр күн.
Уақыт бір сыншы ең қатал,
Уақыт бір батыр ер жүрек,
Қояды өзі сен жатар
Орынды да белгілеп.
Жылдардың түсіп ізіне,
Қарайды ол бәрін тексеріп.
Жалғанның жарық жүзіне,
Шығады шындық екшеліп.
Кететін биік алысқа ап,
Уақыттың шындық басқышы;
Көрсетер жарық жол нұсқап,
Уақытың Ленин басшысы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Уақыттың ленин басшысы өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Уақыттың ленин басшысы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Уақыттың ленин басшысы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Уақыттың ленин басшысы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері