Өлең, жыр, ақындар

Жота басындағы домбыра

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 518
Ұлы Құрманғазының кiндiк қаны тамған жердегi бiр жотаның басында темiрден жасалған алып домбыра – ескерткiш тұр.

Шетсiз-шексiз мұнарт дала,
айдала.
Ұйып қалған,
тынып қалған айнала.
Бiле алмадым –
жер астынан, көктен бе, –
жүрегiмдi, тiлегiмдi қайраған
естiледi долы бiр күй кектенген.
Сол бiр үннен –
дiрiлдейдi сағымдар,
сол бiр үннен күбiрлейдi шағылдар.
жота-жолдар көтерiлiп басылар
Құрманғазы жалындай.
Алып дала құшағын кеп ашқанда,
сол бiр үндер айналар күй-дастанға.
Жер астынан өсiп шыққан секiлдi
домбыра тұр тiк шаншылып аспанға.
Домбыра тұр тiк шаншылып көкке өрлеп,
жер астынан өсiп шығып кеткем деп,
қозғап қалсаң –
төгiлердей долы күй
шiреп тартқан қара темiр шектерден.
Не боп жатыр төмен менен төбемде,
не боп жатыр дегендей-ақ әлемде
антеннадай мойнын созып аспанға
домбыра тұр қос құлағы елеңдеп.
Ол тыңдап тұр,
тыңдап тұр ол даласын,
бүкiл әлем ауылы мен қаласын.
Ол тыңдап тұр –
дүрлiктiрген үндердi
дүние мен дүниенiң арасын.
Ол тыңдап тұр –
үнiн, сазын өлеңнiң,
ол тыңдап тұр –
толқындарын тереңнiң,
ол тыңдап тұр –
қос құлағын көтерiп
қайғысы мен қуанышын әлемнiң.
Дегендей-ақ,
жаңғырықтым, жаңардым,
қанша үн тауып,
қаншасынан тоналдым,
дiрiлдейдi қара темiр денесi
үнiн тыңдап мына темiр заманның.
Тұр домбыра бiр суынып,
бiр қызған.
Шанағынан қара дауыл туғызған.
Өне бойын күн аптабы сипалап
құлақ күйiн келтiредi жұлдыздар.
Мына жердi Құрманғазы жерi деп
қойған оны жотаға әкеп елi кеп.
Тартады оны құм суырып құтырған
туған жердiң тентек құйын желi кеп.
Жатыр онда –
дүниенiң ән-жыры,
жатыр онда –
дүниенiң бар мұңы,
Тартады оны –
туған жердiң дауылы,
тартады оны –
туған жердiң жаңбыры.
Сол бiр сәтте (неткен қуат, iрiлiк)
кетердей-ақ орнынан жұлынып,
аспандағы шатынаған, сiлкiнген
алады ол найзағайды сiмiрiп.
Үнiнде оның жалғандық жоқ артық бiр.
Тыңдайды оны бар қиыр мен бар түкпiр.
Сол бiр алып домбыраны қолына ап
ендi бүгiн далам өзi тартып тұр.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қатал сұрақтар

  • 0
  • 0

Көре-көре, апыр-ай, талды ойым да
Мұңы бар ғой өткеннiң өн бойымда...
Мекен етiп жатыр ғой төбелердi
Зираттар мен қорымдар жол бойында.

Толық

Сараң

  • 0
  • 0

Бiр күнi жоқ отыратын жыланбай,
әлi жүр ол бiр тиын да шығармай.
Осыншалық молшылықта көл-көсiр
бар ғой әлi шық бермейтiн Шығайбай.

Толық

Қуғын

  • 0
  • 1

Үстiрт үстi
Күн дегенiң күйiп тұр.
(Ал жүректе күннен өткен күйiк тұр).
Шофер жiгiт қуып бердi құйғытып

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар