Ақ батам – Ерлан Ахмет

Бұл бетте «Ақ батам» атты Ерлан Ахмет жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Желбіреген тұлымың,
Тәтті сенің қылығың.
Ата-анаңды әрқашан
Қуанта бер, құлыным!

Өмір деген - иірім,
Жеңе берші қиынын.
Бар тілегім - арманның
Бағындыршы биігін.

Білім - кәусар бұлағың,
Бірлік - қамал, тұрағың.
Жол ашатын бақытқа
Жана берсін шырағың!

Жүрегіңде - пәктігің,
Таусылмасын сәтті күн!
Аллаһ жар боп әрдайым,
Сарқылмасын шаттығың!

Көркем болсын өңірің,
Көлдей болсын көңілің!
Аман-есен жүр, қалқам,
Өркендесін өмірің!

Шамшырақтай жағылар,
Тұмардай ғып тағып ал!
Осы берген батамды
Шын жүректен қабыл ал!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері