Асаулар көп – Абдулмахмуд Пошатаев

Бұл бетте «Асаулар көп» атты Абдулмахмуд Пошатаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 11.10.2020
  • 0
  • 0
  • 1304
Асаулар көп, азынап жүген үзген.
Бас беріп бағынбайды, күдер үзген.
Өмірдің талабына бой ұсынбай,
Табады бар нәрсені мінезінен.
Шабыты дем береді, жаңа тыныс.
Әркімде әрқалай ғой жаратылыс.
Мінез құрғыр құртады өзімізді,
Ұшар кезде қайрылып қанатымыз.
Мүмкін менің жазғаным, жаңсақ өлең.
Көркем мінез менде жоқ, аңсап келем.
Ұлы адамдар маңына шуақ шашқан,
Алданбаған бір күндік мансаппен.
Мінез шіркін жетеді әр адамда.
Жаратылыс ол солай, шараң бар ма?!
Мінездіде қасиет көп болады,
Мінезі жоқ пендеге қарағанда.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері