Спектр – Дәулетбек Байтұрсынұлы

Бұл бетте «Спектр» атты Дәулетбек Байтұрсынұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.03.2021
  • 0
  • 0
  • 698
Өмірдің өз беру үшін бояуын,
Бірте-бірте көтерілді баяу үн,
Жүрек сырын спектр ғып сызайын,
Пайдаланып клеткамның ояуын.
Алтын күннен қалыптасқан спектр,
Ұсақ бөлшек тыным таппай істеп тұр.
Молекула, атом дейсің...
Ядродан
Спектрлер қалыптасқан күшті өткір.
Жай көздерге көрінбейтіні де бар,
Мен отырмын тозбас төзім, тілеп әл.
Жанарыңды кескіндерге тоқтатып,
Маңдайыңды алақанмен тіре дәл!
Сезбегендей мелшигенмен дала түк,
Оятады көкжиектен таң атып.
Қатар-қатар спектрлер салайын,
Жүрегімнің жыр жарығын таратып...
Алла нұры – иман келіп түседі,
Көктем туды, жүрегімде қыс еді.
Жазғандарым жеті сәуле спектр,
Күндеріме көрік берді күш-емі.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері