Өлең, жыр, ақындар

Белгісіздік

Болашақ расымен белгісіз,
Оны ойлап, көңіліме келді сыз.

Қасиеттен жұрдай болып адамдық,
Молаға кірпіш болып қаландық.

Өлеңді мен жазбаспын ерігіп,
Болашаққа жетелейді мені үміт.

Өмірімнің жоғалғандай мәнісі,
Азынайды минут сайын тән іші.

Оның емі бәлкім болар иманда,
Мәз болыппын дүниені жиғанға.

Тақуа бол, ібіліске әл бермей,
Еліктеме ақымаққа дәл мендей.

Келешек шынымен беймәлім,
Оны ойлап, таусылады кейде әлім.

Ойлағанда түбі келер ажалды,
Аударамын басқа жаққа назарды.

Өтеді әр секундым уайыммен,
Өлімге болмағасын дайын мен.

Сәт туар ма, біз жақтан да күн атар?
Жалғыз үміт тас көңілді жұбатар.

Алданып экранға сенсорлы,
Адастым бағытымнан мен сорлы.

Түк емес қасіреттің толғаны,
Иманымнан айырылмасам болғаны.

10.08.2025
Есбол БОЗАН



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Анаға хат

  • 0
  • 0

Өткен шақтан кешегі,
Ұмытылмас із көрем.
Иə, Анашым, өмірде,
Қарыздармын сізге мен.

Толық

Менің ұстанымым

  • 0
  • 0

Тілдесе де сыртымнан қай тарабым,
Сабырлықпен тек қана жай табамын.
Біреу маған жасаса жамандықты,
Жақсылықпен жауабын қайтарамын.

Толық

Нәпсі Әр-Рухи

  • 0
  • 0

Берік болып рух деген аманатқа,
Бөленейік бақытқа ана жақта.
Өлім деген теңізге жұтылғасын,
Отбасың қалады жаға жақта.

Толық

Қарап көріңіз