Өлең, жыр, ақындар

Жол қиылысы

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 657
Жол жатса өзендердiң құйылысындай
құйғыса —
жылдамдықтар құйғысын да...
төрт жаққа төрт тарам боп тарқатылып,
төрт жақтан төрт тарам боп түйiлетiн
түседi қанша тағдыр қилы сынға,
жолдардың қиылысында.
Орнынан жылдамдықты жұлып ұшқан
бар мұнда сан қатерлi құбылыстар.
Абайла,
абайла сен,
абайла тек
бар мүнда иiндер мен бұрылыстар.
Ей, шофер,
жылдамдыққа қызба қанi,
елiрiп ережеңдi бұзба қанi...
... Әлдекiм әлдекiмге айқай салып,
әлдекiм күреңiтiп сызданады.
Жатқандай түнде мұнда жұлдыз ағып.
Дегендей шектен шықса тұрғызалық
қарайды светофор жан-жағына,
көздерi бiр көгерiп,
бiр қызарып.
Жанымнан бiр машина жалап өтiп,
мен тұрмын өзiмдi өзiм алаң етiп,
жылдамдық,
абайла сен,
дәл алдыңда
барады ана кетiп,
бала кетiп!
Сендер де, ей, адамдар, әр күнiңнiң
жолдарын табамын деп сан жүгiрдiң,
үстiнде жүрегiңнiң жататұғын,
мың тарау қиылысы бар тағдырыңның.
Жол жатса өзендердiң құйылысындай,
Құйғыса — жылдамдықтар кұйғысын да..
Сан жаққа
сан тарам боп тарқатылып,
сан жақтан
сан тарам боп түйiлетiн,
түседi қанша тағдыр қилы сынға
жолдардың қиылысында.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жатайын

  • 0
  • 0

Былай жүрсем —
Қаптаған
Алдау мен арбау.
Олай жүрсем —

Толық

Адамдар

  • 0
  • 0

Күнiн көрiп амалдап,
тiршiлiктен қалыс қап,
бара жатыр адамдар
бiр-бiрiнен алыстап.

Толық

Шолпан

  • 0
  • 0

Шолпан!
Сен маған –
Қайда барсам да!
Көлеңкем құсап

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар