Япыр-ай, біздер тірлікте қандай қаталмыз – Кеңшілік Мырзабеков

Бұл бетте «Япыр-ай, біздер тірлікте қандай қаталмыз» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 01.09.2020
  • 0
  • 0
  • 985
Япыр-ай, біздер тірлікте қандай қаталмыз.
Қағысамыз да, шабысамыз да жатамыз.
Даулассақ, жеңсек,
Жауласақ, жықсақ мәз болып,
Жеңілсек егер, жығылсақ егер қапамыз.
Сен жеңдің дейік.
Жарайды, ал мен жығылдым.
Керісінше болса, онда мен сенен мығыммын.
Ал сонда осы пайдасы бар ма жеңістің
Абыройы үшін Адамзат тұрған тұғырдың?
Япыр-ай, біздер жұмсақпыз, қандай мейірбан,
Жығылсақ егер тағдырдан, тентек зайырдан.
...Біреуді жеңсем пенделік қой деп ойлаймын,
Жеңілу түгіл, жеңістен ауыз шайылған.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері