От – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «От» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 29.07.2021
  • 0
  • 5
  • 932
Қайысқан жері
болғаныменен жылқысы,
Баба қазақтың
аз бопты мүлде шырпысы.
Жалғыз шоқ қалып,
жана қалса егер бір үйде от
Бүкіл ауылда
жаныпты оттар дүрілдеп.
Көтерген мосы
бір үйден бір үй от алып,
Сұрамайды отты,
кейімейді алса қопарып.
От ала келген
қумайды араз, алысын,
Көпті айтып тұр-ау
ұғынсақ, достар, мәнісін!..
Бабалар көшкен
осылай өмір өткеріп,
Ошағынан да,
жанынан да үзіп от беріп.
Отыңның басын
маздатып шырақ жақса кеп,
Мәңгіге жаса
бабалар тұтқан жақсы әдет.


Пікірлер (5)

Амина

Енді бұл дақсы сияқты

Амина

Енді бұл жақсы сияқты

Амина

Қайда

Амина

Қайда жария болады ☠️? ☹️

Ментай

Тұрсынхан Әбдірахманованың «От» өлеңі – қазақтың ежелгі дәстүрін, ауыл бірлігін, адамгершіліктің мәңгілік құндылығын соншалықты әдемі жеткізген шығарма! «Жалғыз шоқ қалып, жана қалса егер бір үйде от, Бүкіл ауылда жаныпты оттар дүрілдеп» деген жолдарды оқып, жүрекке жылылық пен мақтаныш бірдей келеді. Бабаларымыз отты қалай бөліскен, қалай бір-біріне жәрдемдескен – осының бәрі бүгінгі күні де өте өзекті сабақ.
Bilim-all.kz сайты осындай терең мағыналы, рухани бай өлеңдерді тегін жинап, баршаға қолжетімді етіп қойғаны үшін үлкен рақмет! Мектеп оқушыларына, әдебиет сүйер қауымға, қазақтың салт-дәстүрін ұмытпағысы келетін әр адамға міндетті түрде ұсынамын. Осы өлеңді оқыған сайын бабалар әдетін сақтауға деген құлшыныс арта түседі.
Керемет өлең, тамаша ресурс! Әркім кіріп, оқып, пікір қалдырсын – қазақ әдебиеті осылайша өркендейді.

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері