Іздедім сені

Бұл бетте Айтуар Өтегеновтің «Іздедім сені» өлеңінің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.04.2019
  • 0
  • 0
  • 3079
Іздедім сені арманым,
Құлпырған әсем бақтардан.
Бүр жарған қызғалдақтардан,
Алғашқы жауған ақ қардан...
Әйтеуір менің үмітім,
Үмітім менің жоқ талған.
Іздедім тағы арманым,
Толқыннан
Жемде тасыған,
Сағыныштың мөлдір жасынан.
Шырқатып жүрек асыл ән.
Таптым мен сені аяулым,
Мұнараның ұшар басынан,
Жетуге соған асығам...
***
Ақшаңқан қазандарым –
Ақ қабық сазандарым:
Нағыз дүр батырсыңдар,
Мұнай – қан тамырларға,
Таратып жатырсыңдар.
Толассыз толасыңдар,
Бойында мол ашу бар.
Алғашқы атқан фонтан,
Қоймасы боласыңдар.
О-о, сосын әр кеудеге,
Алау боп жанасыңдар,
Жанасыңдар.
Өмірге мұнай-теңіз,
Мың түр боп таралады.
(Еркіңіз қалай деңіз),
Бар тірлік нәр алады.
Тілеймін ұмытпауды,
Жүретін әр ізді шын.
Құпия құлыптаулы,
Сыр сандық тәріздісің.
Кетіпті-ау бір өзіңмен,
Алысқа даңқым да асып.
Кеудемнен жыр егілген,
Өзің бір ән тыңдашы.
Жалынды жүрегіммен.
Көлбеген ақ сағымға,
Ауып бір аңсарымда.
Мен сенен көз алмадым:
Ақ қабық сазандарым –
Ақшаңқан қазандарым.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Іздедім сені өлеңінің авторы кім?

Айтуар Өтегенов — осы өлеңнің авторы.

Іздедім сені өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Іздедім сені өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтуар Өтегенов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Іздедім сені өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері