Өлең, жыр, ақындар

Пай-пай, шіркін күлуін

  • 12.08.2021
  • 0
  • 0
  • 671
Сіркеге толып тұлымы
Қырық жамау боп жұлығы,
Жалтыраған башпайы,
«Іріңді көз, боқ мұрын»,
«Ел жеркенген жексұрын» —
Еді мынау Батсайы.
Жырым етек түйіліп,
Қарақұрым киініп,
Дамыл көрмей атса таң
Былш-былш соғып тезекті,
Жұмыс қып аш өзекте
Көрмейтін тыйыш шыбын жан.
Жіп есу, құрт қайнату,
Жүн түту, бала ойнату
Еді оның кәсібі.
Өмірі етіп күңдікте,
Қолы жетпей теңдікке,
Жүргені кісі есігі,—
Сол Батсайы бұл күнде,
Қараңдаршы, не түрде?
Әне, қара күлуін!
Қызыл көйлек қызарып,
Бәйбішені ыза ғып,
Шалқаң-шалқаң жүруін!..
Сіркелі шаш өріліп,
Жібектей боп 'көрініп,
Жалтырауын күмістей!..
Сүзілген көзі жанданып,
Сұп-сұр беті қанданып,
Құбылуын бұл істей!..
Суыққа беті нұрланып,
Бүрсеңдемей буланып,
Қызара бөртіп терлеуін!..
«Есі жоқ, жынды есалаң»,
«Битті күң, шайтан, перістан»—
Гүлдей жайнап жануын!..
«Ақылы ж о қ ақымақ»,
«Мисыз, ойсыз, сөзге олақ»
Ақыл да, сөз де даруын!..
Алшаң басып аяқты,
Ашып тастап қабақты,
Қолына ту ұстауын!..
Өзі жетіп болғандай,
Ел тізгінін алғандай,
Басқаға жол нұсқауын!..
Таңданатын түгі жоқ,
Көп азаттың бірі боп,
Шынында ол жетілді.
Жеткізген оны Октябрь,
Октябрь оған жазбен бір,
Ызғарлы күнін кетірді.
Ұлы тойда он жылдық,
Батсайы жүр сайран ғып,
Қарашы, ту тігуін!..
Жетілгенін білдіріп,
Өңіне күндей нұр кіріп,
Пай-пай-пай, шіркін күлуін



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бостандық

  • 0
  • 0

Бай, мырзаға басыңды иіп жалынып,
Төрелерге «құдайым» деп табынып,
Ақысыз, пұлсыз, бір аяқ асқа жұмыс қып,
Жүруші едің қысы-жазы сарылып.

Толық

Мұғалім

  • 0
  • 0

«Әбжәт, аууаз, кәләман...»
Халық ішіне тараған,
Ел адасқан кезі еді.
Қанша жесе дәні жоқ,

Толық

Максим Зверевке

  • 0
  • 0

Сүлеймен патшадан соң бар махлұқтың
Тілдерін түгел білген Мақсым ағай,
Деп,— «солардан жазылмас әлі жұппын!» —
Жетпістен жөнеп кетті әрі қарай.

Толық

Қарап көріңіз