Өлең, жыр, ақындар

Достық туы

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 631
Алыстан Африка, Азиядан
Жанына жарқын елдің жазы ұнаған,
Жол тартып қаламгерлер келді бізге,
Ұнайды жақсы жырдың сазы маған.
Келді олар, Каиыр, Дели, Дамаскіден
Қарлы тау, көк теңізден, алыс қырдан
Меймандар, құстай ұшып қош келіпсіз!
Сіздерді достық туы табыстырған.
Қарсы алса аспан қандай туған айды,
Бір-бірін достар сондай аймалайды;
Сыңғырап Индияның өзендері
Сүйгендей тау патшасы Гималайды!
Тербеткен Евфрат пен Ниль бесігі
Бар мұнда алуан жыршы ұлы есімі;
Әр мейман әрбір тілде сөйлесе де,
Бір ғана достықтың тек лебі есілді.
Тоғысқан толқынындай көк теңіздің,
Түссе осы жанарымыз көпке біздің:
Бірліктің өр тасқынын сезінеміз
Күшінен ұшқын атқан отты көздің!
Бұлар кеп жұмыр жердің жан-жағынан,
Ташкенттің тіл қатқанда кең залынан,
Шарқ ұрып бейбітшілік туы көкке,
Жайқалып тұрды дала гүл жамылған.
Бәрінің қосылып бір дауыстары
Шыққанда, жаңғырғандай тау астары,
Үнін де зеңбіректің тұншықтырып
Өшіре қойғандай тез алыстағы!
Тайваньнан қол тартпаса атомшылар,
Тіл қатпай оған қалай дәтің шыдар?!
Достық күш жер жаңғыртсын, тартсын қолын,
Алжирдің жүрегіне оқ атушылар!
Достарым, әрқайсымыз әр елденбіз,
Алдымен сіз де, біз де қаламгерміз,
Бағы үшін адамзаттың үн қосалық,
Әділдік дәлелденген, дәлелдерміз!
Тұрса егер достық туы желкіл қағып,
Қанатын бейбітшілік еркін жайып,
Жүректес Москвамен жердің шары
Соғыстың сөндіреді өртін қағып!
Азия, Африка қаламгері,
Келіңіз, көркімізді көр елдегі,
Бір кезде біз де құлдық бұғауда едік,
Ел болдық бағы жанған әлемдегі!
Келіңіз, көркімізді көр елдегі,
Гүл шашып қарсы аламыз алда тұра.
Ақ төсін ашып күміс Алатауым,
Бұлбұлын бағым әзір сайратуға!

1958



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жұлдыздай жанған — Москвам

  • 0
  • 0

Әлемнен даңқын астыра,
Мұхиттай күшін тастыра,
Жиһанды баққа бастаған,
Ғасырдың түнек пердесін

Толық

Владимир Ильич Ленин

  • 0
  • 0

Уақыт, сөзді бастаймын Ленин жәйлі,
Емес уайым жоқтықтан одан асқан.
Уақыт, неге десеңіз,— ауыр қайғы
Мойытып, қара бұлттай үстен басқан.

Толық

Менің республикам

  • 0
  • 0

Талай ақын сәулетіңді толғаған
Жыр жұлдызы болдың, Қазақстаным,—
Жүректе ел қуанышы ойнаған,
Еркін Отан туын бірге ұстадың!

Толық

Қарап көріңіз