Бұл бетте «Тізім» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Дем беруші Сәкең боп,
Меңгеруші Мәкең боп,
Айлап жинап, жыл жинап,
Құрастырды бір жинақ.
Жерлес пе, әлде таныс па?
Ағайын ба, алыс па?
Абыройы, болымы,
Қызметі, орыны –
Бәрін, бәрін ескеріп,
Тоқсан рет тексеріп,
Құдіретті, күзірлі
Жасады бір тізімді...
Барып еді Әбен де,
Күлді олар әуелде:
– Бұл жинаққа кіргендер –
Ақ тізімде жүргендер.
Жамбыл болса ең басы,
Жігер ақын ең жасы.
Кірем деген күдермен,
Деді Әбен:
– Жігерден
Жасым-дағы кіші емес,
Басым-дағы кіші емес.
Мен қалайша кірмеймін?
Түсінбеймін, білмеймін?..
Түсіндірді Сәкең де,
Түсіндірді Мәкең де:
– Ашуланба оншама,
Жігер кіші болса да,
Қызметі жоғары,
Үлкейеді ол әлі.
* * *
Әбен қатты қысылды,
Іштей бәрін түсінді:
«Таппай қолдар кісіңді,
Оңдырмассың ісіңді».
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі