Сын мен шын – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Сын мен шын» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 27.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1304
Бұл күндері жүйке біткен жұқарған,
Қауіпті де, қатерді де күт алдан.
Қалтырайды қаңылтырдай қауқарсыз,
Серттен тайып, семсер сын да мұқалған.
Сынай қалсаң бір мықтыны «қуырып»,
Өліп кетер у ішіп не буынып.
Не болмаса таппай өзің таяныш,
Қызметіңнен кетерсің тез қуылып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері