Өлең, жыр, ақындар

Алатау

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 726
Алатау, шың-құзыңнан
Самғап өстім, салып ән,
Қасыңда тұрсам қызығам,
Алысқа кетсем сағынам.
Қонып ұшқан шаңқылдап
Жартасында ылашын,
Жанарымды, - жарқылдап
Тартасың да тұрасың.
Жыр шалқытар шыңыңда
Сенен бір күш көремін,
Ылашындай, шыңыңда —
Шарқ ұрса екен өлеңім.

1958



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Абай көшесі

  • 0
  • 0

Мен тұрамын көшесінде Абайдың,
Абайдың сом мүсіні сол Алаңның
Төрінде тұр, тауға көзін төңкеріп,
Тастан құйған тұлғасына қараймын...

Толық

Көтерілген тың

  • 0
  • 0

Жарқын жүзі жайдары
Келді тағы сұлу май.
Біздің сұлу таңдағы
Табиғаттың сыйындай.

Толық

Суретшілер

  • 0
  • 0

Ұлым менің өнер сүйген
Үйреніп жүр сурет салып,
Көк тоғайға сол ертеңмен
Көз тігеді ылғи барып.

Толық