Өлең, жыр, ақындар

Сәтімбекұлы Иманбектің жырынан

  • 23.11.2018
  • 0
  • 0
  • 2125
(Жаркент оязы Байынқол болысындагы Албан)

Терезеден келді де,
Мылтық сонда атылды.
Шейіт қылып оларды
Қызыл қанға батырды.
Абақтыда жақсылар
«Иә, Алла!» — кеп ақырды.
Терезеден атып сап,
Қанын судай сапырды.
Құдіретімен құдайдың
7Есік сонда ашылды.
Алыс емес бұл өлім,
Ажал келсе жақын-ды.
Қырып жатыр жақсыны,
Шейіт қаны шашылды.
Сол екен ғой басы енді,
Қызыл қанға батырды.
Жаман емес әмбесі
Шын кемеңгер ақылды.
Ашылған соң есігі
Қашып шықты далаға.
Жолықты ғой жақсылар
Мұндай болған пәлаға.
Қайтамыз деп алдалап,
Тырмысыпты дауалға.
Ер Жаңабай атылып
Қала берген дауалда.
Шейіт болды жақсылар
Жазуы солай әуелде.
Қорыққанынан алдалап
Сол дауалдан қарғыды.
Құтқар өзің Алла деп
Өңкей жақсы зар қылды.
Не боларын білмейді,
Бір Алланы әл қылды.
Шейіт қылып соларды,
Қарақолда атты ғой.
Шейіт болған жақсылар
Сол жерде өліп жатты ғой.
Төрт кісіні сол жерден
Алланың өзі қақты ғой.
Тұрлықожа, Жайшыбек,
Әбубәкір, Біләлмен
Өлімнен аман қапты ғой.
Өкшесінен оқ тиіп
Ұзақ ырғып кетті ғой.
Әрең қашып ер Ұзақ,
Үйге кіріп кепті ғой.
Ұстап беріп қашқарлық,
Ұзаққа ажал жетті ғой.
Әбдіқалық, Серікбай
Қайқыға қарай айдалды.
Келе жатыр жүгіріп,
Екі көзі жайнады.
Өлеміз деп қай жерде
Қызыл тілі сайрады.
Дәл Қайқыға келгенде
Атылып олар жайғалды.
Құлағынан оқ тиіп
Алдаберген аламан
О байғұс аман қапты енді.

(Қолжазба араб қарпінде. ҚР Орталық мемлекеттік архиві: Қор - Р-1368; тізбе - 1; іс - 56).



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Арман

  • 1
  • 17

Мезгіл бар ма құтылар,
Шынжырлаулы тағдырдан?
Бірақ ой жоқ ұмтылар,
Табылар тағдыр дағдыдан.

Толық

Кинода

  • 0
  • 0

Лыпылдап жүрді жүрек экранда,
Көрсетіп бар мәзірін көрген жанға,
Қолымды қолтығыңа қыса отырып,
Қызықтап экранға көз салғанда.

Толық

Қыс

  • 0
  • 3

Қыс, қар, мұз, қырау, қылау - жерді көміп,
Бұлт бүркеп, тұман төніп, баса шөгіп,
Жер-көкті аяз бүріп, қызыл жалап,
Бұрқ-сарқ боран құсып, шашып, төгіп.

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер