Алматы қысы

Бұл бетте «Алматы қысы» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 1192
Қысың қызық, Алматы,
Ұқсас көктем, не күзге,
Қалмай кейде қар даты
Ерісе, көктем дерміз бе?
Бірде сұрғылт аспаннан
Жапалақтап қар жауса,—
Түтіп мақта шашқаннан,
Не дер едік,— аумаса? —
Сырғанауға, жүгірген
Жастар шықса шаңғы алып,
Қас қаққанша еріген
Қарға — тұрар таңғалып.
Бірде салқын, бір жылы
Мінезіндей ерке қыз,
Табиғаттың шолжыңы
Сырыңды қалай шертеміз?
Қызықсың-ау, Алматым,
Күндіз жылы, кеш суық,
Болжап ауа алды-артын
Болар емес кісі ұғып.
Басың боран, Алатау,
Төсің тұман, ойың жаз,
Сонда да жаным жаратты-ау
Ауаң да бір жатқан наз...
Тау көзге ілмес өзгені,
Жартасы бұлт құшақтап,
Өлең жазар кездегі
Өзімізге ұқсап нақ.
Тауың да бір тұңғиық,
Байқай алмай отырмын,
Бейнесіндей тұр ұйып
Шомған ойға ақынның.

1953


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алматы қысы өлеңінің авторы кім?

Тайыр Жароков — осы өлеңнің авторы.

Алматы қысы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алматы қысы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тайыр Жароков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Алматы қысы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері