Ақын көзі қадалса – Тайыр Жароков

Бұл бетте «Ақын көзі қадалса» атты Тайыр Жароков жазған поэзия туралы өлең берілген.

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 762
Алатаудан жел соқты таң сәрі еді,
Сол самалды жанымыз аңсап еді,
Қартаймасқа жаралған жаны сұлу
Жандар — тәтті жел лебін тамсар еді,
Қызыққаннан тау көркін қанша жұтса,
Сұлулығын қай ғашық тауысар еді?..
Көкпен жалғыз сырласқан тау сері еді
Оған сұр бұлт тамшысын сәл себеді,
Тау қойнында сыңсыған қыз қарағай
Секілді бір сексен қыз сәукелелі,
Ақын көзі қадалса тау шыңына,—
Оның дағы болған-ды сан себебі...

1958


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері