Өлең, жыр, ақындар

Аққуларымды сағындым

  • 05.01.2016
  • 0
  • 0
  • 2409
Аққуларым,
Неге келмей кеттiңдер,
Күтуменен өтiп жатыр көп күндер.
Жағалауды лай басып кеттi ме,
Әлде, әлде мұнай басып кеттi ме?!
Арман қуып бір қиялға берілсек,
Саған ынтық сезімді ала келуші ек.
Қолымыздан және де жем берушi ек.
Аққу болып ұшты дейтін кезінде,
Бекет –Атам көзіндей бір көруші ек.
Жағалауға соғып және самал жел,
Толқындардан тоқпақ бұрым өрілсе.
Маңғаз еңдер, кербез еңдер өте тым,
Шағалалар жемiңдi жеп кететiн.
Қанаттардың сусылы да әдемi,
Тамшылардың тырсылы да әдемi.
Әдемi едi сендер жүзiп жүрген жер,
(Сыңар iздеп сыңсуың да әдемi).
Мұз жаратын тұмсығындай кеменің,
Зырқыраған ұшындай боп жебенің.
Аңсап әркез көк айдынды келетін,
Аспандағы тізбектерің әдемі.
Маң даланы тербеп бара жатады,
Ал әуенің, әуенің.
Ей, қымбаттым,
Ей, сымбаттым,
Әдемім...
Көк аспанда ап-пақ қанат тiзiлген,
Көк теңiзде ап-пақ маржан сүзiлген.
Жанарлардың шарасына сыймайтын,
Пәк нұр дерсiң Күн көзiнен үзiлген.
Ақтауымда көп қуаныш, көп думан,
Табиғаттан жарасымды таптым мән.
Сендер жүрген жерде дәйiм бiрлiк бар,
Күтудемiз,
Тез келiңдер, аққулар!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ер Досан

  • 0
  • 0

Бейнесi Ер Досанның қол бастаған,
Тәрiздi қиып түсер алмас маған.
Елi үшiн жан мен тәнiн беретұғын,
Өтпеген жiгiттерде нарқасқа одан.

Толық

Өмір сәні

  • 0
  • 0

Жаратылған толқындардан, ағыстан,
Қызғаныштан аласұрған, қағысқан.
Өмір-сарай сәулетіне сән берер,
Жүректер мен жүректер ғой табысқан.

Толық

Тарас пен Шоқай

  • 0
  • 0

Қашқар бетке буған батыл белді бір,
Петр Шаһар жас Шоқанның ерлігін,
Шарап аттап жатқан кезде,
Тарасқа,

Толық