Сайра, Күләш!

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 03.12.2015
  • 0
  • 0
  • 4070
Сайра, Күләш, сандуғаш,
Сайра "Гәкку" әніңе.
"Тыңдаймын да болам мас,
Тәтті үніңнің нәріне.
Сайра-сайра, тағы да,
Бал тамызған таңдайың.
Тудың анаң бағына,
Күнге карап мандайың.
Зарлап өткен "Қыз Жібек"
Сен арқылы тірілді.
Ақ желегі үлбіреп
Күндік торы түрілді.
Өлі қызға жан берген,
Күй сандығың сыңғырлап.
Сахнаға сән берген,
Салған әнің мың бұрап.
Аспанында Отанның,
"Гәкку" қақты қанатын.
Артисткасы Отанның,
Жастар үлгі алатын.
Сайра, Күләш, бұлбұлым,
Сені тындап тоймаймын.
Саған тарту бұл жырым,
Алар деп қабыл ойлаймын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сайра, Күләш! өлеңінің авторы кім?

Мәриям Хакімжанова — осы өлеңнің авторы.

Сайра, Күләш! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Сайра, Күләш! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мәриям Хакімжанова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сайра, Күләш! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері