Мен оқушы боламын – Гүлмекен Қасенбай

Бұл бетте «Мен оқушы боламын» атты Гүлмекен Қасенбай жазған білім туралы өлең берілген.

Мен оқушы боламын

Түгендеп қағаз, қаламды,
Білімге бұрып санамды.
Басамын бүгін қуана
Мектепке алғаш қадамды!

Қолыма алдым бір шоқ гүл,
Сыйласам деймін ұстазға.
Қалмасам деймін сабақтан,
Жаңбыр ма, мейлі, қыс-жаз ба.?!

Атанып үздік оқушы,
Тәртіпті болам мен дәйім!
Шығара қалса тақтаға,
Айтуға сабақ мен дайын!

Жазуым әсем маржандай,
Есепке жүйрік алғырмын!
Мәнерлеп жылдам оқудан,
Әжемнен алғыс алдым мың..!

Ынталы, зерек, талапты,
Көргіңіз келсе шәкіртті!
Қараңыз біздей жастарға
Біздермен елім бақытты!


20/08/2013 06:30


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар