Ленин мен болатшы – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Ленин мен болатшы» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2045
Ленинде бар бүгін қонақ кісі,
Ол атақты Златоуст болатшысы.
Лениннің өтеді көз алдынан
Оралдың қызыл-күрең жолақ түсі.
Зерттелгендей сәулелі күн ұшқынын
Біледі Ленин бұрыннан құрыш сырын.
От ішінде балқытқан көк шойынды
Сұрайды ол жан-күйін жұмысшының.
—Қайратына, күшіне сыйынарлық,
Шықсын құрыш шымыр боп иі қанып...
Қайтты елге болатшы Лениннің
Кеудесіне әр сөзін құйып алып.
...Жетті соғыс өзеуреп ойда-жақта
Қорғау үшін Ленинді оқтан, оттан.
Күндіз-түні қарт Орал кірпік қақпай
Құйды оның тұлғасын көк болаттан.
Құрыш күшін дұшпанға ер ұқтырды,
Тұғырда Ленин бұйрығын беріп тұрды.
Биіктігі аспанмен қатарласып,
Жердей болып шықты оның беріктігі.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері