Шұрқырап кеп тоқпақ жалды бір асау – Айтуар Өтегенов

Бұл бетте «Шұрқырап кеп тоқпақ жалды бір асау» атты Айтуар Өтегенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.07.2019
  • 0
  • 0
  • 2188
Шұрқырап кеп тоқпақ жалды бір асау,
Бұғалықты сүйретсе.
Бұрқырап кеп көк шалғынға құласа-ау,
Қарғып мініп жылқышы,
Бас білдіріп үйретсе.
Тақымында ойнақтатса, билетсе –
Дала қаным тулайды.
Алқа топта шырқап тұрып бір жігіт,
Домбырамен жыр ессе.
Қолпаштаса оны өзгелер дүрлігіп,
Сосын шығып күрессе.
Өшіргендей бәстесінің ай-күнін,
Бас жүлдесін алып жатса бәйгінің,
Дала қаным тулайды.
Шауып шығып, жолаушыны соқпаған,
Намысымен азаматтық, кісілік.
Жатқан болса өз үйіне түсіріп.
Құдайындай сыйлап әлгі қонағын,
Айтып жатса өкпе-назын, талабын.
Дала қаным тулайды.
Ал далада отсыз адам тумайды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері