Қайық – Тоқтарәлі Таңжарық

Бұл бетте «Қайық» атты Тоқтарәлі Таңжарық жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 14.09.2021
  • 0
  • 0
  • 824
...Кім болжар маңдайдың бағын?
Теңізді жатыр сұп-сұры тұман құрсап.
Сағынамыз, аңсаймыз тағы,
Тым қатал болса да бұл шақ.
Жанарың алысты бағып
Ойларды кезесің тұмса.
Құрсанған бұлттарды жарып,
Дауылпаз ұшады шырқап.
Уақыт тоздырған желкенін жайып,
Қайда барады бұл жалғыз қайық?
Бұл сапар тым алыс – бейне,
Шұбалған түстердей... ғасыл.
Кім білсін, тоздырмас жейде
Күткеннен тіпті де жақын.
Үрейге малтығасың кейде,
Теңіз көкжалы шығардай атып.
(Шақырады үміттер...– жаһұт)
...Уақыт тоздырған желкенін жайып,
Қайда барады бұл жалғыз қайық?..

2007 ж.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері