Поезда
- 0
- 0
Келеді ағып... жылдамдық еді қандай,
көкжиекке біз қазір соғылардай.
Терезеден айнала қарай-қарай,
талай қырды қалыппыз абайламай.
Бұл бетте «Менің елім» атты Жұмекен Нәжімеденов жазған отан туралы өлең берілген.
... Көгіс тартып тұр безеріп қыр үсті,
қоя аурудан айықпаған баладай.
Кәрі шыңдар бір-біріне суысты,
бір суық леп кезіп жүрді жағалай.
Жасыл түсті секілді нұр, арай да,
жасып қалған секілді алап, маңай бар.
Тастардан да сабыр қашқан тәрізді,
Кәрінің де ақылы жоқ абайлар.
Мойнына арқан түсіп, күш батпаған,
көнбеген жаз – кермеге, қыс – қақпаға,
бір асау әлі қашып жүрген сын-ды,
құрыққа сол күндері ұстатпаған.
Дана
Керемет
айда
Жұмекен Нәжімеденовтин олеңдері тамаша
Шəрипа Ислам
Өте тамаша, қажетті деректер.
нурсая
керемет осындай ақындарымыз көп болсын
нурсая
менің адамдарға тілегім туралы шығарма тауып бере аласыздарма сағат 14/00 ге дейін
нурсая
отінем
Дариға
Бұл өлеңнің минусы барма?
мейрамгүл
коп көмектесті тағы да өлеңдері бар ма ?
Аман
Менің елім өлеңінің жартысын тауып беріңіздерші *** деп қойған жердегіжалғасын
Жансая
Керемет айтылған
Мерей
Өте тамаша. Маған қатты ұнады .Әсіресе туған жер жайлы
Сара
Жұмекен Нәжімеденовтің «Менің елім» — туған елге деген махаббат пен ұлттық мақтаныш сезімін ерекше поэтикалық тілмен жеткізетін шынайы туынды. Бұл өлеңде ақын Көк төбелер, күн шуақ пен көгілдір аспан арқылы туған елінің сұлулығын, оның рухани байлығын көркем бейнелейді, әрі «Менің елім — гүлстан» деген қайталанбас тіркеспен жүрек тебірентеді.
Өлеңнің мазмұны мен бейнелі тілі оқырманға елге, жерге деген шексіз сағынуды және мақтаныш сезімін жаңаша түсінуге мүмкіндік береді — туған елдің табиғаты мен адам сезімінің үйлесімі өте әсерлі берілген.
Мен бұл шығарманы оқып, қазақ поэзиясының ұлттық рухани құндылықтарды жеткізу шеберлігін тағы бір мәрте бағаладым. Мұндай өлеңдер туған елге деген сүйіспеншілік пен поэзияның күшін сезінуіне өте жақсы мүмкіндік береді.