Әже – Айтуар Өтегенов

Бұл бетте «Әже» атты Айтуар Өтегенов жазған әже туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 28.06.2019
  • 0
  • 1
  • 6447
(Өтеген әулетінің отанасы болған Жиде Бимағамбетқызының әруағына)

Жүрегiмде сен жүрсiң,
Жалын әже, өр әже.
«Баласы ғой кемпiрдiң», –
Деген үлкен дәреже.
Құшағың нұр әкелдi,
Емiренсең маған көп.
Сенiң балаң – әкемдi,
Атап кеттiм «ағам», – деп.
Кернеп шаттық санамды,
Еркiн өсiп еркелеп.
Сенiң келiнiң – анамды,
Атап кеттiм «жеңге», – деп.
Анам деуге келiсем,
Өсiрдiң қол тигiзбей.
Балам дедiң менi сен,
Басқа адамға сүйгiзбей.
Өттi уақыт, сан жылдар...
Түссең еске кейде сен.
Мен әкеммен қалжыңдап,
Құрдастарша сөйлесем.


Пікірлер (1)

Өте жақсы

Жақсы

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әже өлеңінің авторы кім?

Айтуар Өтегенов — осы өлеңнің авторы.

Әже өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әже өлеңі не туралы?

Бұл шығарма әже туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Әже өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері

Басқа да жазбалар