Қадірбайдың дәптеріндегі екінші өлең – Айтуар Өтегенов

Бұл бетте «Қадірбайдың дәптеріндегі екінші өлең» атты Айтуар Өтегенов жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 06.04.2019
  • 0
  • 0
  • 2165
«Атырауым,
Бұлтын серпер аспанның,
Шат ордасы тілі басқа достардың.
Өзің жайлы қалдық бір сәт айтысып:
— Өлкеміздің мұнай кенін ашқан кім?
Шертеміз деп саф алтындай-ай лағыл сыр,
Өзің жайлы түрлі пікір ағылсын.
Деді бірі, қиыр шеттен мән беріп,
Атырауды алғаш тапқан ағылған.
Әлгі жасты тастайтындай он бөліп,
Ылғалдандық, жүрдік біраз сенделіп.
Туған жердің қасиетін кетірмей,
Бұл пікірге келіспедік.
Бұл пікірге көнбедік.
— Бір адам бар елге әйгілі есімі,
Менің емес, ғұламалар шешімі.
Көмір тапқан Апағындай Байжанның,
Май атасы — Қызылбастың Бешімі.
Міне, дұрыс.
Бір өзгеше күйге еніп,
Жүре бердік, мәз-мейрам боп биледік.
Оқымаған инженері қазақтың,
Бешім жайлы сұхбат құрып
Абзал ұлды сүй дедік...»
Мына жырда:
Жас жүректің лүпілі бар, барлаушының жаны бар.
Күліп атар арманның ақ таңы бар,
Кеудең нұрға бөленер де, кеудең сырға қанығар.
(Батыр жандар жүрек сырын міне, осылай таныған),
Романтика іздесеңіз, ол барлаушы қосында.
Табиғаттың тылсымымен қанығасыз осында.
Сосын ба?...
Қиял менен ғарыштарға шырқап ұшып кетесіз,
Шын бақытты сезінесіз өзіңізді өте біз.
Бір сәулені кеудеңізде аялаумен өтесіз...
III.
Қызыл шардай лаулап тұрып, көкжиекке күн батты,
Бұйрат құмға бұл «Уралмаш» сазды әуенін тыңдатты.
Мезгіл жетті. Екі вахта кезектесіп ауысты.
Қадірбайдың моторлары үдетеді дауысты,
Қалғып бір сәт кетсем керек, мотор үні — күміс үн.
Құрманғазы әуеніндей сергітіп тұр туы ішін,
Бір мезгілде Омар келіп кереуетке шешінді.
Газдың асау қысымына шара алыпты шешімді,
Жанарында нұр ұшқын бар жүзі аздап шаршаған.
(Осы азаптың төлеуіне қуанады барша адам).
Дедім: — Бүгін бақыт түні бар әлемге жар салар,
Ертең сізді ауыл болып гүл шоғымен қарсы алар.
Мерейің тек үстем болсын жер астының балгері,
Сол үшін де, сол үшін де ән салайық кел бері.
Геологым мәз болды көп жанарында шын бақыт,
Шырқап берді бір әсем ән ес жиғызбай тыңдатып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қадірбайдың дәптеріндегі екінші өлең өлеңінің авторы кім?

Айтуар Өтегенов — осы өлеңнің авторы.

Қадірбайдың дәптеріндегі екінші өлең өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қадірбайдың дәптеріндегі екінші өлең өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Қадірбайдың дәптеріндегі екінші өлең өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері