Жоқ
Бұл бетте «Жоқ» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қиялдан басқа құсым жоқ.
Қызылдан басқа түсім жоқ.
Қинайды мені
Күндерім
Қайратым бар да,
Ісім жоқ.
Көзімнен басқа нұрым жоқ.
Төзімнен басқа пірім жоқ.
Қинайды мені
Күндерім
Шабытым бар да,
Жырым жоқ.
Тілімнен басқа жауым жоқ.
Білімнен басқа дауым жоқ.
Қинайды мені
Күндерім
Бұлты бар,
Бұлты...
Жауын жоқ.
Сүйгеннен басқа мұңым жоқ.
Күйгеннен басқа мінім жоқ.
Қинайды мені
Күндерім
Асылым бар да,
Құным жоқ.
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі