Бұл табиғат

Бұл бетте «Бұл табиғат» атты Айтуар Өтегенов жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 06.07.2019
  • 0
  • 0
  • 4250
Бұл табиғат:
Шуағынан от алатын,
Біреуге жүрек берген.
Тауды да қопаратын,
Біреуге білек берген.
Жарақты қол бастайтын,
Біреуді көсем қылған.
Әр сөзі алмастай тым,
Біреуді шешен қылған.
Қадірлеп күтпесе де,
Біреуге көрік берген.
Ой-ақыл бітпесе де,
Біреуге желік берген.
Бұзылмай шырын гүлі,
Бақыт боп жолықтырып.
Адамдар бірін-бірі,
Жүреді толықтырып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бұл табиғат өлеңінің авторы кім?

Айтуар Өтегенов — осы өлеңнің авторы.

Бұл табиғат өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бұл табиғат өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Бұл табиғат өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері

Басқа да жазбалар