Жанымның азабы азайып – Анар Шамшадинова

Бұл бетте «Жанымның азабы азайып» атты Анар Шамшадинова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.09.2018
  • 0
  • 0
  • 1958
Жанымның азабы азайып,
Тәнімнің сырқаты басынды.
Тірліктен табылмай ғажайып
Ой емес, дерт жеді басымды.
Іссапар шеккендей күлкім де,
Дәрінің иісі алды шашымды.
Қос бүйрек ұйқысыз бұл күнде
Арманым далаға шашылды.
Жүрегім тырмысып, тырысып
Барлығын білдіріп соғады.
Тұла бой төсектен құрысып,
Бес тәулік бар денем шоқ әлі.
Ем таппай сабылған маман көп,
Түрткілеп, тудырып тақырып.
Мен жатам, жүруге шамам жоқ,
Бекетті көмекке шақырып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жанымның азабы азайып өлеңінің авторы кім?

Анар Шамшадинова — осы өлеңнің авторы.

Жанымның азабы азайып өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жанымның азабы азайып өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Анар Шамшадинова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жанымның азабы азайып өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері