Адам

Бұл бетте «Адам» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 641
Еш өзгерiс болмаса да түрiнде,
түбiрiнде,
тамырында,
үнiнде
адам деген адам емес дәл қазiр
құдiрет қой адам деген бүгiнде.
Кейде ұмытып сыпайылық, зиятты,
кетедi ғой белден басып ұятты, –
мынау ұлы табиғаттан ол емес,
табиғатты ол тудырған сияқты.
Өне бойын долы қуат күш керiп
жүредi ылғи ызаланып тiстенiп.
Содан ба екен,
содан ба екен бiлмедiм
иығына қонбайды оның құс келiп.
Сөздер айтып айналасын аластар
сонда өтедi айтыс,
тартыс,
таластар!
Содан ба екен жапырақпен аймалап,
бұтағымен құшпайды оны ағаштар.
Бүгiнiмен келешекке қарғыған
ойларыңда ойлар бар ғой қаңғыған.
Содан ба екен,
содан ба екен еркелеп
аңдар бiткен шықпайды оның алдынан.
Аспандап кеп қарап мынау жерiне
қатерлi бiр шешiм айтар көбiне...
Содан ба екен қорқады одан түршiгiп
аңдар,
құстар,
ағаштар да... – бәрi де!
Айтатұғын әрбiр оның сөзiнен
бiрде аптап,
бiрде суық сезiнем...
Бәрiн, бәрiн шошындырып қорқытып
адам ендi қорқып отыр өзiнен!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Адам өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Адам өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Адам өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Адам өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері