Нарық пен парық – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Нарық пен парық» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1436
Еркіне кетіп нарық,
Дертіне жетті парық:
Қайда да барсаң қырқысып,
Жұлқысып жатқан халық.
Біреулер әрең алып,
Қуырып жатыр балық.
Тісіне тісін қайратқан
Ырықсыз кеткен нарық.
Аяқ астында қалып,
Бір кемпір жатыр талып.
Мәнісі мұның не десең,
Тағы да сол нарық.
Біреулер тонап алып,
Тастасын мейлі жарып,
Құтқарар жан жоқ барып,
Осы ғой нағыз тамұқ.
Ас ішпеген соң жарып,
Адамның көбі арық.
Аш күзендей бүгілткен
Тағы да сол бір нарық.
Біреулер арқан салып,
Асылып қалған барып.
Көк тиын еткен тірлікті
Тағы да осы нарық.
Арынан безген анық
Қу, сұмдар ғана қарық.
Күндері болып туып тұр
Оларға осы нарық.
Шарықтап барып-барып,
Түскенше төмен нарық,
Оянған жақсы-ау бір кезде,
Біраз жыл ұйықтап алып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Нарық пен парық өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Нарық пен парық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Нарық пен парық өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Нарық пен парық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері