Соншалықты не жаздым?

Бұл бетте «Соншалықты не жаздым?» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.06.2022
  • 0
  • 0
  • 818
Ешкiмнiң
Әруағын аттаған жоқ едiм.
Ешкiмдi –
Атасына тiл тигiзiп! –
Даттаған жоқ едiм.
Сонда да
Тыныш жатқызбады,
Таңымды тыныш атқызбады.
Өзiм түгiл –
Тұрып кетер деп қорықты ма –
Молама дейiн бақты.
Майлы күйедей
Жаласын жақты.
Сүртiнсем –
Одан сайын былғандым.
Құтылатын
Айла таба алмай
Аласұрып жындандым.
Еңсемдi көтерсем,
Өсегi жыландай ирелеңдеп
Жеңiмнен кiрiп,
Қойнымнан шықты.
Қойнымнан кiрiп,
Қонышымнан шықты.
Мойныма оратылып
Буындырды.
Жүрегiмнiң
Дәл басынан шағып
Уын құйды.
Соншалықты не жаздым?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Соншалықты не жаздым? өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Соншалықты не жаздым? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Соншалықты не жаздым? өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Соншалықты не жаздым? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері