Аққуың болдым – Гүлнәр Шәмшиева

Бұл бетте «Аққуың болдым» атты Гүлнәр Шәмшиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 15.01.2022
  • 0
  • 0
  • 872
Жүрекке үкі қадап қойғансың,
Нұрыңмен мені орап қойғансың!
Аспанға содан, қанат жайғам, шын,
Сұлу көлдегі аққуың болдым.

Теңіз інжуін жаныма құйдың,
Түндер теңселіп, халыма күйді.
Бөлеп, иләһи зарыма үйді,
Сұлу көлдегі аққуың болдым.

Пәктіктің сертін берік ұстадым,
Есімнен көкке танып, ұшқаным.
Сені таңдауда – жаңылыспадым,
Сұлу көлдегі аққуың болдым.

Сен жалғыз пірім – жалғыз данасың,
Ғасырдағы – жалғыз дарасың!
Мәңгі жетектер, мәңгі із боласың,
Сұлу көлдегі аққуың болдым.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері