Дүниенi дүрлiктiрiп жұлқылап – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Дүниенi дүрлiктiрiп жұлқылап» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 652
Дүниенi дүрлiктiрiп жұлқылап,
Қара дауыл соқты дейсiң бұрқырап,
Ұшырардай екпiнiмен тасты да.
Соқты дауыл
жаңбыр құйып бүркiген,
найзағайлар сiлкiген
қара бұлт қанатының астынан.
Жырлап соғып жабайы өлке дастанын
жапырды кеп ағаштардың бастарын.
Уiлдетiп көмейiнен құмды үнiн
тастады ендi ол тақиядай сыпырып
киiз үйдiң түндiгiн.
Жалаңаштап жалап қырат, белiңдi
тулақ қылып қақты қара жерiңдi.
Қала алмассың көк дүлейге құрық сап
кiрiп келдi ауылдар мен қалаға
бұрқап соғып бүлiк сап.
Дүниенiң төрт жағына айқай сап
соқты дауыл, соқты дауыл сойқан сап.
Дәрменсiздi қаңбақ етiп ұшырып,
жiбергендей болды дейсiң бейне бiр
жердi аспанға шығарып,
көктi жерге түсiрiп.
Бiрде күлiп,
бiрде сыңсып,
ысқырып
соққан кезде ол ышқынып
ақ жол толқын аспанға атып шапшиды.
...Қара дауыл қанатымен суылдап
керек болса төгiп тастай салам деп
шар табақтай шайқап тұрды Каспийдi.
Бөрлiктiрiп,
дүрлiктiрiп ұлыған
сонан кейiн айдалаға шығып ап
найзағай боп сiлкiнiп,
жаңбыр болып төккенiн,
суырғанын құйын боп
жота, қырдың бөктерiн,
бәрiн күй қып ғаламат
долдандырып тартып жатты пернесiз
телеграф сымдарының шектерiн!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Дүниенi дүрлiктiрiп жұлқылап өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Дүниенi дүрлiктiрiп жұлқылап өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Дүниенi дүрлiктiрiп жұлқылап өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Дүниенi дүрлiктiрiп жұлқылап өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері