Сонда Омар шырқаған ән – Айтуар Өтегенов

Бұл бетте «Сонда Омар шырқаған ән» атты Айтуар Өтегенов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.04.2019
  • 0
  • 0
  • 1322
«Барлаушы деген қиялшыл жанбыз,
Мұнара тұрар жапанда жалғыз.
Думанға бөлеп маңайды маңғаз,
Көлінен көңіл ұшырып сан қаз.
Ерліктің күйін асқақтай шертіп,
Асқақтай шертіп тылсымға елтіп.
Тылсымға елтіп ән-самал желпіп,
Барлаушы деген қайсарлау жанбыз.
Үмітін үзбей ертеңгі күннен,
Самала жасап қараңғы түннен.
Кірпік ілмейтін,
ЬІстықтан қашып,
Аязға жасып.
Бір бүгілмейтін,
Айтарым сыр ғып.
Айтарым жыр ғып,
Алмазды бұрғым,
Жаным тыншымайды
тоқтаса ел бір күн.
Тиылар күлкім,
Тоналар мүлкім.
Ащы тер бұлауында,
Егіліп жылауым да,
Мүмкін-ау, мүмкін.
Солай дос біздер, ерсілеу жанбыз,
Солай дос біздер өр тілеу жанбыз.
Үміттің алтын сәулесі маздап,
Мұнара тұрар жапанда жалғыз,
Геологім көкірегі күмбірлеген күй екен,
Ағытылар сәтті күтіп, шақты күтіп жүр екен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сонда Омар шырқаған ән өлеңінің авторы кім?

Айтуар Өтегенов — осы өлеңнің авторы.

Сонда Омар шырқаған ән өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сонда Омар шырқаған ән өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтуар Өтегенов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сонда Омар шырқаған ән өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері