Махамбет пен Пушкин – Айтуар Өтегенов

Бұл бетте «Махамбет пен Пушкин» атты Айтуар Өтегенов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.03.2019
  • 0
  • 0
  • 2052
Дананы бір кезіктірер данаға,
Ұлылықтың өз кесімі бола ма?
Александр Сергеевичті,
Текеде,
Махамбетпен жолықтырды жол — ана,
Өтеді ғой, бастан нелер өтеді,
Александр жанып тұрған от еді.
От болатын Махамбет те лаулаған,
(Қатал тағдыр сол оттарды мезгілсіз,
Өшірмесе не етеді?!)
Сүйіктісі Наташаға былай деп,
Хат қалдырып,
«...Шыда жаным...
десең егер отасам....
Мен өзіңсіз бағдар таппай адасам...
Пугачевке бола жалғыз қалдырдым...
Сүйдім сені, Наташам....»
(Қоспай, алмай өз атымен аташы,
Уа, тағдыр,
Ұлылықты атасаң).
Содан бері қанша бақтар гүлдеді,
Өтті-кетті ол ақындар күндері.
Қайран Пушкин көтерілісті зерттеген,
Арғымағын Емельян боп ерттеген,
Тағы бір,
Ер тұрғанын дәл жанында білмеді...
Екеуі де құзар шың ед алдырмас,
Екеуі де жырда дүлдүл шалдырмас.
Бірі патша, бірі ханға көнбеген,
Екеуі де — тағдырлас, -
Іс тындырып, сөз айтатын астарлы.
Патша, хан да екеуінен жасқанды.
Бірі жазса көтерілісін шаруаның,
Екіншісі соның өзін .басқарды.
Жыл — керуен жылжиды ғой ілгері,
(Өтті-кетті ол ақындар күндері).
Екеуі де бостандықтың құрбаны,
Болатынын білмеді,
Ал білгені білгені:
Екеуі де екендігі жыр кені,
Бекемдігі қара қылды қақ жарар,
Қиянатқа түргізбеуі іргені.
Ех,
Қандай қиын ақындардың,
Еркін өмір сүрмегі...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Махамбет пен Пушкин өлеңінің авторы кім?

Айтуар Өтегенов — осы өлеңнің авторы.

Махамбет пен Пушкин өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Махамбет пен Пушкин өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтуар Өтегенов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Махамбет пен Пушкин өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері