Бұл бетте «Мен бiр жылы ағыспын» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Мен бiр жылы ағыспын,
Мəйiн, жұмсақ əуенмiн.
Əлiмсақтан таныспын
«Əлдиiмен» əлемнiң.
Əуенiмдi тыңдасаң,
Əуеге ұшып кетерсiң.
Өлеңiмдi тыңдасаң,
Өзiмдi iздеп кетерсiң.
Таба аларсың, таппассың,
Онда емес мəн-мағына.
Мəңгiлiкке батпас Күн,
Таң атады тағы да.
Сол баяғы жарық күн,
Сол баяғы «сұм жалған» –
Тасасында табыттың
Талшыбығы бүр жарған.
Əуен маған – ашына,
Өлең – өзiм сал керiм. ...
Табытымның басына
Тəжгүл қояр əлдекiм...
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі