Атырау жастарының жыры – Айтуар Өтегенов

Бұл бетте «Атырау жастарының жыры» атты Айтуар Өтегенов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.07.2019
  • 0
  • 0
  • 2597
Әні: Айтқали Жайымовтікі

Атырау сенен тыныс, жыр аламын,
Жайқалттық сұр далада гүл алаңын.
Армандай қолын бұлғап шақырады,
Оттары самаладай мұнараның.

Қ-сы:
Бақыттың тәтті балы,
Фонтан боп атқылады.
Бұл дала дастан – аңыз,
Бұл дала – аққу әні.

Атырау асыл әнім, ғашық әнім,
Сапардан оралғанша асығамын.
Бойдағы ұқсатамын қуатыма,
Көктемгі Ақ Жайықтың тасығанын.

Атырау армандас көп өр төсіңде,
Ұл-қызың құдыретіне елтесің бе.
Сан ұлтты мақсаты бір табыстырған,
Айналдың ұлы достық өлкесіне.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Атырау жастарының жыры өлеңінің авторы кім?

Айтуар Өтегенов — осы өлеңнің авторы.

Атырау жастарының жыры өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Атырау жастарының жыры өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтуар Өтегенов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Атырау жастарының жыры өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері