Ұлттық ойындар

Бұл бетте «Ұлттық ойындар» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 1607
...Семсер боп намыс — табанда, –
жүректi кетер тiлiп бiр —
айқасып аттың үстiнде
бiреуi бiрiн ала алмай
ұстасып екi жiгiт тұр.
Құшақтар қалған қарысып,
мың жанып үмiт, мың сөнiп...
Сiңедi жерге шашадан
аттардың белi қайысып
дiрiлдеп тiзе, тiрсегi.
Бiреуi кенет ақырып
сыртына теуiп айбаты,
жұлып ап аттың үстiнен
кетер-ау сонсоң ақыры,
бiреуiн құмға аунатып.
...Сыңғырлап шолпы, күлкiсi
атына қонар қалқа да.
Желбiреп желмен үкiсi
басталар сонсоң қыз қуу
құйғытып шыққан ортаға.
«Кетiп ең жанды жаралап
сыбағаңды ендi алшы деп»,
өжет қыз жүндей сабалап
жiгiттiң тiлер арқасын
қорғасын өзек қамшымен...
...Жаршы кеп жұртты құбыл қып
дабырды соғып-қаққанда,
даланы мынау дүбiр ғып
басталып кетер сол кезде
додалы нөпiр көкпар да.
Жалыны шарпыр бетiңдi
долданып, бұрқап шарпысқан, —
Үзiлiп кетер секiлдi
жұлыны алып даланың
аламан сол бiр тартыстан.
...Тiрлiктi мына түсiн деп,
отына салар тозақтың —
жатпайтын аяп, мүсiркеп
өмiрдей ащы, қатал-ау
ойыны да қазақтың.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ұлттық ойындар өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Ұлттық ойындар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ұлттық ойындар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ұлттық ойындар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері